top of page

КГКП «Рудный тау-кен технологиялық колледжі» командасы 2 орынға ие болды. Қатысушылар шебер-тәлімгер Вера Евгеньевна Шишкина және жас шебер Римма Телгаровна Каукина. Байқаудың басты міндеті - өндірістік оқытудың талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын шеберлерін қолдау, сондай-ақ тәлімгерліктің тиімді формаларын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу.

Байқау екі кезеңде өтті:

1 кезең - «Біз біргеміз» ұранымен бейнеклип құру және сыныптан тыс іс-шараның сценарийін құру.

2 кезең - визит картасы және жұмыс тәжірибесін көрсету.

«Жаңа құрам кәсіби деңгейі бойынша алдыңғы құрамнан асып түсуі керек» - осы ұранмен тәлімгерлер өз тәжірибелерін жас шеберлерге береді. Колледждің қызметкерлердің кәсіби өсуіне деген қызығушылығы өте зор. Бізге жас мамандар келеді, ертеңгі кадрлар тәлімгерлік жұмыстың қаншалықты тиімді болатынына байланысты.

«Рудный тау-кен технологиялық колледжі» КМММ

bottom of page